Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Аймашева Жадыра Кенжебаевнаның «8D07112 – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша «Фуллереннің доғалық разрядтағы плазмохимиялық синтезі және оны қоспалардан тазарту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми сарапшылар:
1. Қуанышбеков Тілек Қуанышбекұлы – философия докторы (PhD), Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Өскемен, Қазақстан.
2. Машан Тоғжан Тұрғалиқызы – философия докторы (PhD), профессор, х.ғ.к., «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Химия кафедрасы, Астана, Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Исмаилов Данияр Валерьевич – PhD докторы, т.ғ.к., физика- техникалық факультетінің ҚДжЖМТ кафедрасының функционалдық материалдардың радиациялық физикасы зертханасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан.
2. Золотаренко Александр Дмиртиевич – PhD докторы, аға зерттеуші, Украина ҰҒА материалтану мәселелері институты, Киев, Украина.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Жаканбаев Елдар Асхатович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, иондық-плазмалық технологиялар зертханасының меңгерушісі , Алматы, Қазақстан.
2. Тоқтарбайұлы Олзат – философия докторы (PhD), ғылыми қызметкер, Назарбаев Университеті, Астана, Казақстан.
3. Shala Bi – философия докторы (PhD), Laboratory of Materials Physics and Chemistry, Xinjiang Technical lnstitute of Physics and Chemistry, Chinese Academy of Sciences, Синьцзян,Қытай.
Қорғау 2025 жылдың 30 желтоқсанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультетінің 3-қабаты, 330-отырыс залында өтеді.
Zoom конференциясына қосылу
https://zoom.us/j/99142492684?pwd=USa5r5gYDp80m6859be9zUSpuIuo80.1
Конференция идентификаторы: 991 4249 2684