Farabi University

Сюрикпаева Асель Ораловна

14 қаңтар 2026

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сюрикпаева Асель Ораловнаның  «Тұтынушыларды қорғаудың құқықтық тетігінің мәселелері мен даму перспективалары»  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қонаев Университетінде орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ.

Ресми рецензенттер:

1. Ермухаметова Саулегул Раймовна – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ассистент-профессоры (Алматы қ., Қазақстан) ;

2. Сайлибаева Жанель Юрсуновна – з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті Құқықтану кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

Ғылыми кеңесшілер:

1. Өмірәлі Жазира Өмірәліқызы – заң ғылымдарының докторы,  «Құқық» даярлау бағытының доценті, Қонаев университетінің ректоры (Алматы қ., Қазақстан);

2.  Даниэл Войтчак –  Жоғарғы Силезия сауда мектебінің құқық докторы «Katowice Business University»  (Польша, Катовице қ.).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.    Омарова Айман Бекмұратқызы – заң ғылымдарының кандидаты, Нархоз Университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан) ;

2.    Гулямов Саид Саидахрарович – заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің киберқұқық кафедрасының меңгерушісі, профессор  (Ташкент қ., Өзбекстан).

3.    Аманқожаев Айдын Амантуревич – заң ғылымдарының магистрі, ЖШС «Mizan Law Firm» басқарушы партнеры,  заң консультанттары палатасының мүшесі (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 14 қаңтар  күні сағат 12.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:                

https://zoom.us/j/92767428154?pwd=pHmcpe9qjVRsbXSn0BTWKYZMede48K.1

Конференция идентификаторы: 927 6742 8154

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы