Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03205 – Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Максымканова Айханым Ханайқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасы архивтеріндегі жеке тектік қорлар: қалыптастырудың ғылыми негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Асымова Дария Болатқызы – PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Мамандығы: 6D020300 – тарих. (Алматы қ., Қазақстан)
2. Өтен Гүлзағира Жақсылыққызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Ө. Жәнібеков атындағы педагогикалық университеті Тарих және педагогика факультетінің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу тәсілдері (Шымкент қ., Қазақстан)
Ғылыми жетекшілер:
1. Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы – тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Ланской Григорий Николаевич – тарих ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры (Мәскеу, Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қарасаев Ғани Мұқашұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет тарих институты Деректану, тарихнама және отан тарихы бөлімінің басшысы (Астана қ., Қазақстан)
2. Асанбаева Алуа Ермекқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының жетекші сарапшысы (Астана қ., Қазақстан).
3. Чориев Шерзоджан Шокиржонович – тарих ғылымдарының докторы, Мирзо
Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті Тарих факультеті, Архивтану және деректану кафедрасының профессор м.а. (Ташкент, Өзбекстан).
Қорғау 2026 жылдың 19 ақпанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020300, 8D02206 – Тарих», «8D02207 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», «8D02205, 6D020800 – Археология және этнология», «8D03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер, 8D03205 – Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас оффлайн/онлайн түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/99254857332?pwd=Usg2GMwYyb62byB941amxiVk63bRwi.1
Идентификатор: 992 5485 7332