әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Алдасугурова Чинаргул Жақыпқызының «Іле Алатауында сирек кездесетін, эндемдік Rosa potentilliflora Chrshan. et M. Pop. өсімдігі популяциясының қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ботаника және агроэкология кафедрасының базасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттері:
1. Айдарханова Гульнар Сабитовна - биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, ЖШС «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ғылыми-зерттеу институты (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.03.01 - физология», «03.00.16 - экология».
2. Үсен Қапар - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ЭТРМ ОШЖДК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.00.16. - экология».
Ғылыми жетекшілері:
1. Аметов Абибулла - биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Ахмет Ақсой – PhD., Ақдениз Университеті, жаратылыстану ғылымдары факультеті, биология кафедрасының профессоры (Анталия қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Мырзагалиева Анар Базаровна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Астана Халықаралық университетінің ректоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Лайсханов Шахислам Узакбаевич - PhD, қауымдастырылған професссор, Білім беру корпорациясы, Ғылым және инновациялар жөніндегі департамент директоры (Алматы қ., Қазақстан).
3. Хожиматов Олимжан Каххорович - биология ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институты жанындағы академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағының шикізаттық өсімдіктер интродукциясы және агроэкология зертханасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан).
Қорғау 2026 жылы 20 ақпанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97890775966?pwd=dqk02ejl8E1ya5N7FwBOVbkhMaCBQF.1
Конференция идентификаторы: 978 9077 5966