Farabi University

Сәрсенбек Бекболат Нурланұлы

20 ақпан 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сәрсенбек Бекболат Нурланұлының «Қазақстандағы көпжылдық бидайдың экологиялық және биологиялық сипаттамаларын және оның биоалуантүрлілікті және топырақ құнарлылығын сақтауға әсерін бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ботаника және агроэкология кафедрасының базасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттері:

1. Затыбеков Алибек Камзабекович – PhD, "Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

2. Иманбаева Ақжүніс Алтаевна б.ғ.к., қауымдастырылған профессор,  "Маңғыстау эксперименталды ботаникалық бағы" бас директоры (Ақтау қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілері:

1. Курманбаева Меруерт Сакеновна. – биология ғылымдарының докторы, биология және биотехнология факультетінің деканы, ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

2.    Ли Дехан – PhD, Салина қаласындағы Жер институты жетекші ғалымы (Салина қ., Канзас, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Ермекбаев Канат Абаевич PhD, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі (Талдықорған қ., Қазақстан).

2. Сапаров Галымжан Абдуллаевич - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, Орталық Азиядағы Экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан).

3. Тоқтай Халил PhD, Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары факультетінің профессоры, Нигде Өмер Халисдемир университеті (Нигде қ., Түркия).

Қорғау 2026 жылдың 20 ақпанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/97798084973?pwd=QphTfV6OE7L3oWmhucZ4Id2KyvkI8d.1 

         Конференция идентификаторы: 977 9808 4973

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы