Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мырзалиева Салтанат Ермекбаевнаның «Университетте орыс тілін оқытудағы көптілділік тәсілі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Мусатаева Манат Шаяхметовна – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан).
2. Орынханова Ғибадат Аманжоловна – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті (Алматы, Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Мизанбеков Серік Коспиевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті (Алматы, Қазақстан)
2. Лазарева Олеся Викторовна – филология ғылымдарының кандидаты, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің доценті (Мәскеу, Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Кадырова Галина Рабиковна – филология ғылымдарының кандидаты, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан);
2. Абаева Мадина Қабылқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының доценті (Алматы, Қазақстан);
3. Николаенко Сергей Владимирович – педагогика ғылымдарының докторы, П.М. Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің профессоры (Витебск, Беларусь).
Қорғау 2026 жылдың 27 ақпанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/95112633229?pwd=GOxiD2qd24RyDX6BHBdYxlpM5oa018.1
Идентификатор: 951 1263 3229