Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04101 - Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлының «Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару: әдістеме және тәжірибе» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Шуленбаева Фая Ахметовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ «Кадастр» кафедрасы (Астана қ., Қазақстан);
2. Джолдасбаева Гульнар Каримовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Алматы Технологиялық Университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Сейтказиева Аружан Мукатаевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
2. Жанетта Симанавичене – PhD докторы, Миколас Ромерис Университетінің профессоры (Вильнюс қ., Литва).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Делиана Йосини – PhD, Паджаджаран Университетінің қауымдастырылған профессоры (Бандунг қ., Индонезия);
2. Каримбергенова Мадина Кудайбергеновна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Торайғыров университеті» (Павлодар қ., Қазақстан);
3. Хасенова Кенжегул Калмуратовна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Менеджмент кафедрасы (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 22-ші сәуірінде, сағат 14:30-да (Алматы уақыты бойынша, сілтеме төменде келтірілген) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі, 201 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанынан құрылған «8D041-Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясынақосылу:
https://zoom.us/j/93013189135?pwd=1CwSvyD2znpggokXyN232qaMPZQbxW.1
Идентификаторы: 930 1318 9135