Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абдалла Мохаммад Дьяб аль-Нуиматтың «Иранның сыртқы саяси стратегиясындағы Орталық Азия және Кавказ (1991-2018 жж.)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – ағылшын тілі.
Ресми рецензенттер:
- Байдаров Еркін Ұланұлы – философия ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: 09.00.11 – әлеуметтік философия. (Алматы қ., Қазақстан)
- Базарбаев Қанат Қалдыбекұлы - PhD доктор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жетекшілер:
- Жеңіс Жомарт Жеңісұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
- Халид Исса Мохаммад Аледуан – PhD., Ярмук университетінің профессоры (Ирбид қ., Иордания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Мехмет Акиф Окур - халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы, Йылдыз техникалық университетінің профессоры, Түркия
- Кожирова Светлана Басиевна - саяси ғылымдарының докторы, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, профессор
- Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 13 наурызында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/93718115805?pwd=dJCpGXwoE3qYO7EnBIaZZJJ9hA4wb9.1
Идентификатор конференции: 937 1811 5805