Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ауғанбай Алтынай Қайратқызының «Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мақсатына арналған жерлердің құқықтық режимі (халықаралық жүзе және ұлттық тәжірибе)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
1. Акшатаева Жанна Байбековна – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Шымкент университетінің ғылым департаментінің директоры (Шымкент қ., Қазақстан).
2. Жусипова Бакыт Акылбаевна – заң ғылымдарының кандидаты, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Қалымбек Бақытжан - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Алехандро дел Валле Галвез – PhD докторы, Кадис университетінің профессоры (Кадис қ., Испания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Узакова Гузал Шариповна – заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің «Экологиялық құқық» кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан).
2. Мукашева Анар Абайханкызы – заң ғылымдарының докторы, «Нархоз» университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің доценті (Алматы қ., Қазақстан).
3. Саймова Шолпан Алтынбековна – PhD докторы, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм Институтының жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 14 наурызда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Құқықтану факультеті, 309 аудитория.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97093748255?pwd=MDU6zitslM2el6nQ6jWq2aBz6KxWEs.1
Идентификатор: 970 9374 8255