әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Төленова Аягөз Даниярқызының «Тар аумақты Солтүстік Тянь-Шань эндемигі Tulipa tarda Stapf популяциясының құрылымын, санын және жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ботаника және агроэкология кафедрасының базасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттері:
- Дарбаева Талшен Есеномановна – б.ғ.д., профессор, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, биология және экология кафедрасы (Орал қ., Қазақстан). Мамандығы: «Ботаника».
 - Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна – б.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.00.05 - Ботаника».
 
Ғылыми жетекшілері:
- Иващенко Анна Андреевна – биология ғылымдарының кандидаты, Зоология институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
 - Мойсиенко Иван Иванович – б.ғ.д., профессор, Херсон мемлекеттік университетінің ботаника кафедрасының меңгерушісі (Херсон қ., Украина).
 
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна– б.ғ.к., Биология және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ., Қазақстан).
 - Калиев Бедел Шамилович – PhD, аға оқытушы, Қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
 - Озодбек Султанкулович Абдураимов – б.ғ.к., аға ғылыми қызметкер, Өсімдіктер популяциялық биологиясы мен экологиясы зертханасының меңгерушісі, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ботаника институты (Ташкент қ., Өзбекстан).
 
Қорғау 2025 жылы 5 желтоқсанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/94107964840?pwd=dCokXfLwq348oQopzgwdboWWHEha2K.1
Конференция идентификаторы: 941 0796 4840