Farabi University

Стамшалов Еркін Имангазыұлы

10 желтоқсан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8D02206 – «Тарих»  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Стамшалов Еркін Имангазыұлының «Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңіріндегі босқыншылық: тарихы мен тағылымы (1918-1936 жылдар)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Смагулова Светлана  Одеповна – тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті,  (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «07.00.02 – Отан тарихы, «07.00.09 – тарихнама, деректану».

2. Кабдушев Болат Жоламанович – тарих ғылымдарының кандидаты, Ғ. Дәукеев атындағы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: «07.00.02 – Отан тарихы».

Ғылыми жетекшілер:

1. Көкебаева Гүлжаухар Какеновна – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің, «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының зерттеуші-профессоры, (Алматы қ., Қазақстан).

2. Сара Камерон – PHD, Мэриленд университетінің профессоры (Колледж-Парк  қ., АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Пұсырманов Нұрбек Серікұлы   – PhD, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директоры,  (Астана қ., Қазақстан).

2. Роберт Киндлер – PhD, профессор, Берлиннің Еркін университетінің Шығыс Еуропа зерттеулері институты. (Берлин қ., Германия).

3. Жаркен Айгүл Мәлікқызы – тарихы ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “8D02206, 6D020300 – Тарих, 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология, 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер, 8D03205-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету” мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/94469729110?pwd=0TNBKHbv7VaIEiOnvjy3FyQEaHEdGM.1   

Идентификатор: 944 6972 9110

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы