Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
Әлқожаева Нұрсұлу Сеиткерімқызы
Кафедра байланыстары
Кафедра тарихы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика кафедрасы 1940 жылы 12 қаңтарда құрылған. Бүгінде ол педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы болып өзгертіліп, педагогикалық бейіндегі мамандарды даярлайтын философия және саясаттану факультетінің ежелгі кафедраларының бірі.
Кафедраның қалыптасуы университеттің, Қазақстанның педагогика-психологиялық ойларының дамуымен, педагогикалық мәдениет пен жалпы білім берумен қатар бірге келе жатыр. Кафедраға әр жылдары педагогика ғылымының ғұлама ғалымдары мен ұлы тұлғалар басшылық жасады - Кокымбаев Шакир Кокымбаевич, Тәжібаев Төлеген Тажібайұлы, Сембаев Абдыхамит Ибнеевич, Бержанов Қартбай Бекенович, Аргынов Хасен Қуандыкович, Садыков Борис Жаркенович, Ахметова Гульназ Кенжетайқызы, Исаева Зауреш Абдразаковна, Мынбаева Айгерім Казыевна, Булатбаева Айгүл Әбдімәжітқызы, Сәрсенбаева Гульнара Молдрахманова. Қазыргі таңда кафеда меңгерушісі болып пед.ғ.к., профессор м.а. Әлқожаева Нұрсұлу Сеиткерімқызы қызмет атқарады.
Сонымен қатар кафедрада педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Р. Баширова, А.Т. Табылдиев, Н.А. Асанов және т.б. жұмыс істеді.
Әр түрлі жылдары педагогика және білім беру менеджменті кафедрасына белгілі педагогтар мен атақты ғалымдар шақырылған, Н.Д. Хмель, К.Ж. Қожахметова, А.Қ. Құсайынов, Ш.Т. Таубаева, И.Р. Халитова Қ.Ж. Аганина және т.б.
Кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің әр түрлі түкпірлері мен шет елдерде жұмыс жасап жүр. Кафедра еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады.