Филология факультеті
Ұлтымыздың ұлы тұлғалары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаевтар негізін қалаған филология факультетінің тарихы терең, дәстүрі бай. Факультетте қазақ әдебиетінің классигі, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған академик-жазушы Мұхтар Әуезов отыз жылға таяу еңбек етті. Факультетте әр жылдары тіл мен әдебиеттану ғылымының республикаға белгілі аса көрнекті ғалымдары ұстаздық қызмет атқарды. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, академик Рымғали Нұрғали, филология ғылымының докторы, профессорлар Кәкен Аханов, Хайролла Махмұдов, Майя Бағызбаева, Талғат Сайрамбаев, Алма Қыраубаевалар – жарқын жүздері жадымызда жатталып қалған, біз мақтан тұтар ұлағатты ұстаздар. Филология факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішінде Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижанұлы, Жансейіт Түймебаев, Алдан Смайыл сынды дара тұлғалар бар. Атақты ақын-жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеев сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.
Декан
Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы
Факультеттің мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 71, Корпус ГУК1
Факультет
Филология факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1937 жылы құрылған ең ежелгі факультеттерінің бірі. Бүгінде асқақ Алатаудың гүл жайнаған бөктеріндегі ҚазҰУ қалашығында орналасқан факультетте студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта факультет құрамында алты кафедра болса, соның бесеуі: А. Байтурсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті, Түркітану және тіл теориясы, Шетел филологиясы және аударма теориясы кафедралары мамандар даярлау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Шет тілі кафедрасы университет факультеттеріндегі әлем тілдерін сапалы оқытуда. Сонымен қатар факультет іргелі шығармашылық одақтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарт негізінде тығыз байланыс жасауда. Білімгерлердің мамандану тәжірибелері осынау ғылыми-шығармашылық ортада өтеді.
Кафедралар мен институт, лабораторияларда нәтижелі ғылыми зерттеулерімен елімізге танымал ғалым-ұстаздар еңбек етуде. Олардың қатарында филология ғылымының докторы, профессорлар Берікбай Сағындықұлы, Элеонора Сүлейменова, Светлана Әшімханова, Жанғара Дәдебаев, Жұмат Тілепов, Зейнол-Ғабден Бисенғали, Аслан Жақсылықов, Баян Жолдасбекова, Темірғали Есембеков, Гүлдархан Смағұлова, Гүлмира Мәдиева, Алма Абдулина, Ольга Әбішева, Әнуар Тарақов, Анар Салқынбай, Дина Әлкебаева, Ольга Алтынбекова, Алуа Темірболат, Жанар Ибраева есімдерін атауға болады.
Факультетте заман талабына сай халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған. Академиялық ұтқырлыққа да ерекше назар аударылып отыр. 2016-17 оқу жылында шетелден келген білікті профессорлар және оқытушылар: Н.Снодргас (АҚШ), Сэт Агбо (Канада), Маргарет Дорлайн (Голландия), М.Хэнкок (АҚШ), Анатолий Ким (Ресей), Рафаэль Велез-Нунез (Испания), М.Нусье (Франция), Наджип Йылдыз (Түркия), Эдгар Хоффман (Австрия) ағылшын, француз, неміс, түрік, испан тілдерінде бір жыл көлемінде студенттер мен магистранттарға сабақ берді.
Жыл сайын америкалық студенттер флагмандық бағдарлама бойынша білім алады. Болашақта бұл үрдісті дәстүрге айналдыру – басты мақсаттың бірі. Ресей халықтар достығы, Испанияның Гранада университеттерімен бірлескен қосдипломдық магистрлік және докторлық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Екі шет тілі мамандығының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасымен бір семестр көлемінде Зальцбург университеті (Зальцбург, Австрия), Вена экономика және бизнес университеті (Вена, Австрия), Пекин шет тілдер университеті (Қытай), Адам ресурстарын дамыту университеті (Венгрия), Ноттингем университеті (Ұлыбритания), Гази университеті (Түркия), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), РХДУ Шетел тілдері университетінде (Ресей) ақысыз білім ала алады.
Факультет студенттері, магистранттары мен докторанттары жыл сайын міндетті түрде мемлекет қаржысымен Ыстамбұл (Түркия), Гумбольдт атындағы (Германия), Гранада (Испания), Будапешт (Венгрия), Еуразиялық академия (Словакия), Пусан шет тілдері (Оңтүстік Корея), Утрихт, Амстердам (Нидерланды), Ұлы Витаутас атындағы (Литва) университеттеріне тәжірибелік іссапарларға жіберіліп отырады.
ТДМ жарияланымдар
"ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ" ОРТАЛЫҒЫ
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Бағдарлама оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін және команда құрамында жұмыс істей алатын креативті тұлғалы маманды қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарына арналған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасын іске асыру Орыс тілі мен әдебиеті саласындағы тұжырымдамалық білім, оқыту әдістемесі негізінде академиялық контексте кәсіби мәселелерді шешуге қабілетті, нақты адамгершілік және азаматтық ұстанымдарға ие маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама екі шет тілі теориясы және оқыту әдістемесін меңгерген, сыни тұрғыдан ойлап, әртүрлі жағдайға бейімделе алатын, оқушыларға жекелей бағдар жасап, индивидуалды білім беру бағыттарын түзе алатын, психологиялық жағынан қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және бәскеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты - халықаралық компанияларда, мемлекеттік ұйымдар мен өкілдіктерде, аударма биржалары мен бюроларында, туризм агенттіктері мен бұқаралық ақпарат қызметінде әртүрлі мемлекет және мәдениет өкілдері арасында ақпарат алмасу кезінде шетел, қазақ және орыс тілдерін пайдаланып, жоғары сапалы ауызша және жазбаша аударма жасай алатын аударматану және мәдениаралық қарым-қатынас саласындағы көптілді мамандарды жоғары деңгейде дайындау.
Батыс шетел тілі мен әдебиетін еркін меңгерген, тіл мен әдебиет теориясы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды білетін, филологиялық зерттеулерде және мәдениетаралық коммуникация, қоғаммен байланыс, баспа ісі және әкімшілік басқару салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті филологтарды кәсіптік даярлау.
Ғылыми ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және кәсіби қоғамдастықтармен, басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен, қоғамдық құрылымдармен және әртүрлі қоғамдық топтармен орыс тілінде тиімді ауызша және жазбаша байланысты жүзеге асыра білу білім беру бағдарламасы тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы дамыған тілдік құзіреттілігі бар маман қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама бакалавр деңгейінде Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық базасын меңгерген филолог-зерттеуші, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс-жүргізуші, бұқаралық ақпарат құралдарында корректор, редактор, копирайтер, пиар-менеджер, интернеттік коммуникация, тіл үйрету орталықтарында қызмет істейтін маман қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама сыни тұрғыдан ойлауға; әдебиеттану, фольклористика және риторика бойынша теориялық білімдерін түсіндіруге және жүйелеуге; полемика жүргізуге, қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері бойынша өз пікірін дәлелді түрде ұсынуға; командада әдебиет, риторика, фольклор саласы бойынша сарапшы, ғылыми қызметкер, корректор, әдеби редактор ретінде жұмыс істеуге қабілетті маман – әдебиеттанушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Шет тілі ретінде орыс тілі саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға және көп мәдениетті ортада мәдениетаралық коммуникация, ұлтаралық тілдік қарым-қатынас, сөйлеу этикеті саласында жобалар әзірлеуге мүмкіндік беретін және жоғары академиялық стандарттарға сәйкес білім беру қызметтерін экспорттауға қабілетті қазіргі заманғы, пәндік, мәдениетаралық-коммуникативтік, цифрлық, зерттеу құзыреттіліктеріне ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Бағдарлама сыни және аналитикалық ойлау қабілетіне ие, қазіргі заманғы білім берудің әдістері, теориялары мен тұжырымдамаларының іргелі білімдерін жүйелендіруге және түсіндіруге қабілетті; қазақ тіл білімі мен әдебиеті саласындағы теориялық, әдіснамалық білімді игерген; қазіргі заманғы әдебиеттанудың және тіл білімінің әдістемелік мәселелері бойынша өз пікірін дәлелдей отырып, полемика жүргізуге қабілетті кәсіби педагог маман тұлғасын қалыптастыруға; ғылыми қызметкер ретінде командада жұмыс істей алатын, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістері мен білім беру технологияларын игерген маманды, ЖОО оқытушысын қалыптастыруға бағытталған.
Филологиялық білім беру саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жүйесін тереңдете біліп, келесі бағыттар бойынша: лингвистикадағы, әдебиеттанудағы ғылыми және теориялық тұрғыдан; қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамалары мен оқу технологиялары бойынша ғылыми мамандарды даярлау.
Жоғары оқу орнында, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу институттарына екі шет тілін жетік меңгерген оқытушыларды даярлау.
жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласына көптілді мамандар даярлау, олар ғылыми тұжырымдамаларды өздерінің лингвистикалық және әдеби әзірлемелерімен байланыстыра отырып, қазіргі заманғы шетелдік ғылымның теориялық және қолданбалы міндеттерінің тұжырымдамалық-әдіснамалық аппаратын қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыру.
Қазақ филологиясының ғылыми-теориялық негіздерін, оны зерттеудің инновациялық әдістерін меңгерген ғылыми қызметкер, білім беру мекемелерінде заманауи технологияларды қолдана білетін академиялық біліктілігі жоғары оқытушы, масс-медиа редакторын, ғылым және білім беру, басқару-әкімшілік саласындағы менеджер дайындау.
Бағдарлама филология (лингвистика және әдебиеттану) саласындағы заманауи ғылыми-практикалық мәселелерді тұжырымдайтын және шеше алатын маман қалыптастыруға бағытталған; дәстүрлі және инновациялық және қашықтықтан оқыту әдістерін қолдана отырып ғылыми-зерттеу қызметін сәтті жүзеге асыру; оқу орындарының бөлімдерін басқару; заманауи технологиялар негізінде баспа немесе сандық баспа өнімін талдау, бағалау және өңдеу; мәтіндерге сараптама жүргізу; орыс / қазақ / шет тілдерінде көп мәдениетті және көптілді топта, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми қоғамдастықпен, баспа саласындағы мамандармен және қоғамдық ұйымдармен тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынасты қалыптастыру.
Бағдарламаның мақсаты - ғылыми және көркем мәтіндерді жазбаша және ауызша аударатын, аударылған мәтіннің сапасын талдай алатын, аударматану саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын, аймақтық және әлемдік еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті жоғары білікті аудармашылар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Бағдарлама сыни және аналитикалық ойлау қабілеті бар; әдебиеттану мен фольклортанудың қазіргі заманғы теориялары мен тұжырымдамаларының іргелі ілімдерін түсіндіруге және жүйелеуге қабілетті; әдебиеттің менеджменті мен маркетингі саласындағы теориялық білімі бар; полемика жүргізуге қабілетті; қазіргі әдебиеттану мен фольклортанудың өзекті мәселелері бойынша өз пікірін дәлелді түрде ұсына алатын; жоғары оқу орындарының оқытушысы, әдеби редактор, кеңесші, ғылыми қызметкер ретінде командада жұмыс жасай алатын әдебиеттанушы маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Еуропа, АҚШ және Азияның үздік студенттерін қызықтыратын, бәсекелес, бірақ сонымен қатар ынталандыратын білім беру ортасында жоғары академиялық стандарттарға сәйкес ақпараттық ағымды бағдарлай алатын, сыни тұрғыдан ойлайтын және тіл білімі саласында білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлауды қамтамасыз ету. Білім алушыларды қазіргі кездегі өзгермелі әлемде жоғары кәсіби құзыреттілік пен әлеуметтік ұтқырлыққа кепілдік беретін лингвистика саласының қазіргі бағыттарының, сондай-ақ шектес ғылым салаларының іргелі теориялық-әдіснамалық базасы және практикалық дағдылармен қамтамасыз ету.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Шеттілді білім беру саласында жоғары білікті тереңдетілген теориялық және практикалық жеке даярлығы бар, бірнеше шет тілдерін кәсіби дәрежеде меңгерген, инновациялық әрекеттерге қабілетті, шеттілді білім беру саласында өз бетінше жұмыс жасай алатын, шет тілінде білім беру мәселелеріне білікті баға беріп сыни талдай алатын, әлеуметтік мәселелер, жаңа концептуалды білім бойынша жобалар жасай алатын, ғылыми талқы аясында мамандарға ұсына алатын, командада жұмыс істей білетін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Ғылыми танымның әдістемелігі жайлы білімін айшықтауға, зерттеу аясындағы теориялық концепцияларды негіздеуге қабілетті, мамандарды университеттік дайындық мәселелері бойынша ғылыми және ғылыми –педагогикалық саласындағы құзіретті, аналитикалық және эксперименттік ғылыми іс-шараларда критикалық талдау дағдыларына ие, жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау.
Бағдарлама ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ұйымдастыру-басқару; мәдени-ағартушылық;- сараптама-аналитикалық қызметінде зерттеу нысанын жүйелі түрде меңгерген, филология ғылымы бағытында заманауи әдістерді игеріп және оны нақты мақсаттарда қолдана алатын, эксперименттік тәжірибелер жүргізе алатын, өзекті, сұранысқа ие филология және осы саламен шектесетін ғылым салаларындағы проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілеті бар, қазақ тілі мен әдебиетін зерттеудің, оқытудың әдіснамалық принциптерін сын тұрғысынан бағалауға және әдістемелік зерделеудің жаңа тәсілдерін синтездеуге, оларды тиімді оқыту барысында қолдануға, отандық және әлемдік нарықта жүзеге асыруға қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми-педагогикалық қызметте жоғары кәсіби және ғылыми машықтары бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; докторанттарға бастауыш, кәсіптік, жоғары деңгейдегі білім беру үрдістері мен құбылыстарын бақылау және талдау үшін өндірістік зерттеулер мен эксперименталды әдістерді әзірлеу бойынша білім беру; ғылыми ойлау мен дүниетаным тұрғысынан әмбебап және әлеуметтік-жеке құндылықтарды жақсарту; қазіргі тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері бойынша өз пікірін дәлелді түрде ұсына алатын, командада жұмыс істеуге қабілетті маман дайындау.
Бағдарлама қазіргі заманғы лингвистика мен әдебиеттанудың негізгі принциптерін түсіндіруге қабілетті орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі саласында жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауға бағытталған; қазіргі заман лингвистикасы мен әдебиеттанудағы жаңа тенденциялардың ғылыми теориясы мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру мақсатында диссертациялық зерттеу және тәжірибелік педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында осы білімді әрі қарай қолдану; зерттеу объектісіне барабар материал негізінде өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу, филология ғылымының жаңа бағыттарын және орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін дамыту бойынша жобалау әдіснамасын таңдау; өзінің және өзгенің ғылыми қызметінің өніміне баға беру және маңыздылығын анықтау, ғылыми пікірталастарда олардың жұмыс тілін қолдана отырып, өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде көрсету және қорғау.
Бағдарлама сыни ойлауға ие; қазіргі орыс тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі концепцияларын түсіндіруге қабілетті маманның тұлғасын қалыптастыруға; диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде оларды одан әрі қолдану мақсатында ғылыми теорияларды жүйелендіруге және түсіндіруге бағытталған.; материалды зерттеудің адекватты нысаны негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, филология ғылымының жаңа перспективалы бағыттарын дамытуға арналған проекциясымен методологияны таңдау; ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін олардың жұмыс тілін пайдалана отырып, дәлелді түрде ұсыну және қорғау.
біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді сапалы дайындауды қамтамасыз ету, олар: концептуалды деңгейде аударма теориясы мен әдіснамасы саласындағы перспективті іргелі зерттеулерді жоспарлауға және жүргізуге; қазіргі заманғы аударма зерттеулерінің маңызды міселелері бойынша өзіндік шешім қабылдауға; объективті аударма сараптамасын жүргізуге; аударманың тиімді әдістерін жетілдіруге; компанияны стратегиялық басқаруға; өзінің инновациялық-технологиялық әлеуетін және интеллектуалды-кәсіби деңгейін ұдайы арттыруға; бүгінгі еңбек нарығында табысты бәсекелесуге қабілетті.
Бағдарлама аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілетіне ие, көркем шығармашылықты зерттеудің әдіснамалық принциптерін сын тұрғысынан бағалауға, әдеби мұраны зерделеудің жаңа тәсілдерін синтездеуге, әдебиеттану мен фольклористиканың ғылыми мәселелерінің кең кешенін шешуге, заманауи гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері бойынша өз пікірін білдіруге, командада жұмыс істеуге қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
«Лингвистика» білім беру бағдарламасының мақсаты: алған білімді диссертациялық зерттеуде қолдану мақсатында қазіргі тіл білімі бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелендіруге және түсіндіруге қабілетті лингвистика саласындағы инновациялық қызметке терең теориялық және практикалық дайындықпен жоғары білікті маманды даярлау; методологияны барабар таңдау негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; өзінің және өзге де ғылыми қызметінің қандай да бір өнімінің маңыздылығын анықтау және білікті баға беру, отандық және шетелдік лингвистиканың перспективалық бағыттарының ғылыми парадигмаларын дамытатын жаңа тұжырымдамалық білім беру, ғылыми пікірталастар, соның ішінде халықаралық ғылыми іс-шаралардың жұмыс тілінде оны мамандарға дәлелді түрде таныстыру; жобаларды әзірлеу, командада жұмыс істеу.
Білім беру бағдарламалары
Қабылдау комиссиясының телефоны: 87712196739
Қабылдау комиссиясының аккаунтардан:
Facebook: Kaznu Talapker https://www.facebook.com/profile.php?id=100069037188687
Instagram: @kaznu_talapker https://www.instagram.com/kaznu_talapker?r=nametag
Telegram: Kaznu_Talapker https://t.me/kaznu_talapker
Tiktok: Kaznu talapker https://vm.tiktok.com/ZSJxV9FTg/
Филология факультеті – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең көне әрі ең ірі факультеттерінің бірі. Жыл сайын 200-ден астам студент оқуға түседі және олар филология саласы бойынша іргелі білім алады.
Оқыту бакалавриат, магистратура, PhD докторантура сияқты көп деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады. Бакалавр, магистр, PhD докторы академиялық дәрежесін алған түлектерге мамандығы бойынша біліктілік беріледі.
Факультетте 6 кафедра бар:
1. Түркітану және тіл теориясы кафедрасы;
2. А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы;
3. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы;
4. Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы;
5. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы;
6. Шет тілі кафедрасы.
Филология факультеті – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.У.Жолдасбекованың басшылығымен жоғары білікті, шығармашылық мақсатқа бағытталған, жұмысқа қабілетті пікірлестердің ұйымшыл ұжымы.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
БАКАЛАВРИАТ
Мұғалім-педагог;
Білім беру, мәдениет, басқарма, БАҚ мекемелерінде көптілді маман (аударма, редакторлық, сараптамалық, аналитикалық қызмет);
Тіл және әлеуметтік-мәдени коммуникация және қоғаммен байланыс, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларындағы маман;
Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарындағы, ғылыми және білім беру орталықтарындағы орта буын маман.
МАГИСТРАТУРА
ЖОО оқытушысы;
Гуманитарлық бағыттағы орта кәсіптік және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу орындарының оқытушысы;
Ғылыми қызметкер, ҚР ҰҒА жүйесі ҒЗИ және ЖОО жетекші маманы;
Ғылыми референт-филолог;
Мемлекеттік мәдениет және әдебиет ұйымдарында әдеби қызметкер;
Ғылыми редактор, аудармашы-редактор;
Түрлі салалардағы аудармашы-лингвист.
ДОКТОРАНТУРА
Зерттеуші-филолог;
Зерттеуші-аударматанушы;
ЖОО оқытушысы;
Сарапшы-аудармашы;
Компания басшысы.