«Студенттік қалашықта кезекті Таза бейсенбі күні жоғары деңгейде өткізілді»
2 қазан, 2025
Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен барлық студенттік үйлерде кезекті "Таза бейсенбі" күні жоспарға сай және жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында студенттер үйі аумақтары мен ортақ пайдалану орындары санитарлық талаптарға сәйкес тазартылып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Шараға студенттер белсенді қатысып, қалашық аумағының тазартуға өз үлестерін қосты.
Таза бейсенбі күнін тұрақты түрде өткізілуі студенттік ортада жауапкершілік пен ұқыптылықты арттыруға, сондай-ақ жайлы әрі қауіпсіз тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге ықпал етеді.


