«Біз» студенттік театры «Ғашықтар хикаясын» ұсындыFarabi University

«Біз» студенттік театры «Ғашықтар хикаясын» ұсынды

18 қараша, 2025

Халықарылық  студенттер күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік «Біз» театры Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» атты маусымашар қойылымын көпшілік назарына ұсынды.

«Ғашықтар хикаясы» дұрыс таңдау жасау, жауапкершілікті сезіну, достық қатынасты бағалау, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласу сынды мәселелерді жеңіл комедиялық сипатта жеткізеді.

Туынды жыл сайын дәстүрлі түрде сахналанып келеді.  Қойылымға барлығы 30-дан астам студент қатысты. Басты рөлді оқу ордасының 2-курс студенттері Бекет Құлдабаев, Өмірәлі Кенжеғали, Шапағат Санақбай, Гүлім Елеусін, Аруна Сәкенқызы, Жайна Аманқос, Арай Мыңбаева, Жарылқасын Сәрсенбаев және т.б. білім алушы жас сомдады.

Режиссердің айтуынша сахнаға шыққан әрбір актер өз даралығын танытып, бір-бірінің ойын толықтыра отырып, ортақ көркемдік тұтастыққа қол жеткізген. Жас әртістердің сахнадағы қимылы, шынайы сезімі және жаңа идеялары қойылымға ерекше жігер мен жылулық сыйлады.

Бұл әсерлі қойылым университеттің мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, «Біз» театрының кәсіби тұрғыда өсіп, шығармашылық биіктерге ұмтылып келе жатқанын айшықтай түсті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі