2016 Бизнес-Инновациялар атты III Азия-Еуропалық Конгресс

30 наурыз, 2016

Қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді Орталық Азияның қаржы-экономикалық орталығы Алматы қаласында 2016 жылдың 21-22 сәуір аралығында өтетін Бизнес-Инновациялар 2016 атты III Азия-Еуропалық конгрессіне шақырамыз.

Іс-шараның негізгі мақсаты кіші және шағын кәсіпкерліктің, заманауи мемлекеттік және корпоративтік басқаруды, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті, индустриалды-инновациялық өсу аясындағы Шығыс пен Батыс елдерінің қатынастарын дамыту және нығайту үшін іскерлік платформа құру, сонымен қатар таяу елдер серіктестіктеріндегі және аудандардағы жоғары оқу орындарының бизнес-біліктілігін арттыру.

Конгресстің миссиясы Орталық Азияда кәсіпкерлік бастама құру, георгафиялық орналасудың ерекшелігіне, аймақтың табиғи және тарихи құндылықтарына, сонымен қатар Қазақстанда өтетін: Алматыдағы Универсиада-2017 және Астанадағы EXPO-2017 маңызы зор іс-шараларды өткізетін қолайлы жағдайларға әлем елдерінің назарын аудару.

Конресстің ерекше мәселелерінің төңірегінде барлық адамдарға арналған таяу 15 жыл ішіндегі БҰҰ құрастырған тұрақты даму аумағындағы 17 негізгі мақсаттарды жүзеге асыру жөнінде пікір таластар өтеді.

Спикерлер мен қатысушылар арасында - ТОП-менеджмент келесі ұйымдар болады: Орта бизнестің Неміс-Қытай Ассоциациясы, Орталық азиядағы Герман экономикасының Одағы, ТМД-дағы Неміс бизнес-клубы, Фраунгофер Институты, Рим клубы, ғылым және өнердің Әлемдік Академиясы, швейцариялық және қытайлық инвестициялық холдингтер мен агенттіктер, Коучинг Еуропалық Ассоциациялары, Тайвань Ассоциациялары мен Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени және экономикалық серіктестіктері, Пәкістанның Ұлттық Банкі, ҚР Бірінші Президенті қоры әлемдік экономика мен саясат Институты, Қазақстанның туризм Ассоциациясы, Инжинерлік білімнің Қазақстандық Ассоциациясы, Қазақстанның жоғары мектебінің Ұлттық ғылыми академиясы, Орталық Азияның сауда-өнеркәсіптік палатасы, сонымен қатар Еуропа және Азия елдерінің, Американың Бас елшісі, Орталық Азия Республикаларының экономикалық және білім беру министірліктерінің жоғары қызметті тұлғалары, аумақтық ЖОО ректорлары, «Бір белдеу - бір жол» атты жобадағы ҚХР кеңесшісі.

Конгрестің тақырыбы: «Бизнес пен ынтымақтастықтың жаңа үлгісі – Шығыс пен Батыстың өзара әрекеті»

Өзекті тематикалық сессиялар:

  • Бизнес және өнеркәсіптік білім-беру
  • Тұрақты даму үшін бизнес
  • «Жібек жолы» атты экономикалық белдік
  • Орталық Азиядағы халықаралық және аймақтық бизнесті дамыту тәжірибесі

Іс-шараның барлық ақпараттары мен талаптарын конгрестің сайтынан таба аласыз: www.asian-european-congress.com