24 қазан күні Университетіміздің оқытушысы, тілтанушы Арғынбек Құнанбайұлы қазақ руханиятының алтын діңгегі саналатын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алматылық студенттерге көшбасшылық дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы – “Абай және біз”.

Дәрістің діттемі – Абайдың алымды ақылы мен хәкімдігін парықтап, ықыласты шәкірттер мен ынталы жастың санасына салмақ салу, Абайдың астарлы сөзі мен ғақыли дәлелдерін дәйектеу.
Дәріске белсене қатысқан тыңдармандарға арнаулы сый-сияпаттар, абайтанушы ғалымдардың еңбектері таратылды.
Ең тың идеялар мен соны пікірлер үшін бес жеңімпазға жүлделі шәкіртақы табысталды, белсенді қатысушылар сертификат пен естелік сыйлықтар алды.