«Дарын» орталығында физикалық химия бойынша сабақ-кеңес
№4 "Сапалы білім" орнықты даму мақсатын іске асыру шеңберінде "Мирас" халықаралық мектебінің, М. Ганди атындығы №92, 178 және 165 мамандандырылған лицейлердің, Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп гимназия, № 173 мектеп-лицейі, №134 және 166 лицейлері, №125 жалпы білім беретін мектебі, Пифагор" жекеменшік мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткіздім. Іс-шара жоғары сынып оқушыларының химияға деген қызығушылығын арттыруға және факультет құрылымы, білім беру бағдарламалары, дайындық бағыттары, ғылыми-зерттеу қызметімен және әл-Фараби ҚазҰУ-да оқу перспективаларымен танысуға бағытталды. Оқушылардың өтініші бойынша физикалық химия - химиялық термодинамика және химиялық кинетика бөлімдерінің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған 16 сағаттық консультация сабақтар жүргізідім. Консультация оқушыларға білімдерін тереңдетуге, мектеп бағдарламасының материалын жүйелеуге және химиялық процестерді зерттеудің заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.
Доцент Тусупбекова А.С.
Басқа жаңалықтар