Габитова Ильфа АзаматовнаFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05307 – Физика және астрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Габитова Ильфа Азаматовнаның «Be-жұлдыздарындағы жұлдызмаңайлық заттың құрылымы мен эволюциясы» тақырыбындағы диссертациясы (мақалалар сериясы) қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Электроника және астрофизика кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – мақалалар сериясы.

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Серебрянский Александр Владимирович – философия докторы (PhD), жетекші ғылыми қызметкер, Фесенков атындағы Астрофизика институты (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «Астрофизика».

2. Алина Дана Болатовна – философия докторы (PhD), физика кафедрасының ассистент профессоры, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «Астрофизика».

Ғылыми жетекшілер:

1. Хохлов Азамат Анатольевич – философия докторы (PhD), электроника және астрофизика кафедрасының доцент м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

2. Мирошниченко Анатолий Сергеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, физика және астрономия кафедрасының профессоры, Гринсбородағы Солтүстік Каролина университеті (Гринсборо қ., АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Лабади-Барц Джонатан – философия докторы (PhD), постдок, ғарыштық зерттеулер және ғарыштық технологиялар департаменті (DTU Space) (Конгенс Люнгбю қ., Дания);

2. Ким Виталий Юрьевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, Фесенков атындағы Астрофизика институты (Алматы қ., Қазақстан);

3. Абдикамалов Ерназар Бахтиярович – философия докторы (PhD), физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 22 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина», «6D071900/8D06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/93626173956?pwd=NKOyAwtQzWfogkuQlYvnjQn0CkYvlu.1

Идентификатор: 936 2617 3956

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық