«Global dialogue on Good Health and Well-Being» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстелFarabi University

«Global dialogue on Good Health and Well-Being» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстел

22 қараша, 2025

22 қараша 2025 жылы, сағат 10:00, Филология факультетінің Шет тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Global dialogue on Good Health and Well-Being» атты халықаралық студенттік дөңгелек үстел іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара онлайн форматта, ағылшын тілінде, ТДМ 3 мақсатын жүзеге асыру мақсатында Шет тілдері кафедрасының бекітілген жылдық ТДМ іс-шара жоспарына сәйкес өтеді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ университеттерінің студенттері. Қатысушылар қазіргі заманның ең өзекті тақырыптардың бірі – Тұрақты даму мақсаты 3-ші аясында, Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру мәселесін талқылайды. Онлайн кездесу google.Meet платформасында өтеді.

Ұйымдастырушылар: Г.А. Койтасова, М.Б. Тлеулинова, Л.М. Алиярова