Пернекулова Майра Мухтаровна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Пернекулова Майра Мухтаровнаның «Виртуалды шындық пен тұлғаның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мәселесі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті философия кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Оспанов Тауекель Тлеубекович – философия докторы (PhD), Қазақ-неміс университетінің доценті. Мамандығы: «6D020100 – Философия» (Алматы қ., Қазақстан);
2. Салимова Райгуль Сабыровна – философия докторы (PhD), КеАҚ «Торайғыров университетінің» гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары. Білім беру бағдарламасы: «8D02201 – Философия» (Павлодар қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
- Сағиқызы Аяжан – философия ғылымдарының докторы, профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
- Скарантино Лука Мария – философия докторы (PhD), Альдо Моро университетінің профессоры (Бари қ., Италия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Бегалинов Алибек Серикбекович – философия докторы (PhD), философия ғылымдарының кандидаты (РФ), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің доценті м.а. (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 23 желтоқсанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 123 аудиториясында (Масанчи 39) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/95703806120?pwd=VM00ZlVDy37stYk6i9sVso5PnDRB7z.1
Идентификаторы: 957 0380 6120
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар