Ерденова Меруерт БекеновнаFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03107 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерденова Меруерт Бекеновнаның «Балалар мен жасөспірімдердің когнитивті қабілеттерінің психогенетикалық маркерлері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті жалпы және қолданбалы психология  кафедрасында орындалған.

Қорғау формасыдиссертациялық жұмыс.

Қорғау тіліорыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Сатова Акмарал Кулмагамбетовна – психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 19.00.07- педагогикалық психология.

2.Турсунгожинова Гульнар Сайлаухановна – психология ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім Университеті» КеАҚ Бизнес және коммуникация жоғары мектебі, «Тілдік коммуникация» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. (Семей қ., Қазақстан). Мамандығы: 19.00.01 жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология.

Ғылыми кеңесшілер:

1.  Кустубаева Альмира Мэлсовна – биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

2.Майкл Познер – психология ғылымы бойынша PhD докторы, Орегон университетінің құрметті профессоры (Юджин қ., Орегон, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.  Кабардов Мухамед Каншобиевич - психология ғылымдарының докторы, Ресей Білім Академиясы Психология институтының дифференциалдық психология және психофизиология зертханасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей).

2. Галимжанова Маржан Анесовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Атырау облысы педагог кадрларының кәсіби дамыту институтының директоры (Атырау қ., Қазақстан).

3.Бейсенова Жупаркуль Жумабаевна – психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті психология кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау аралас форматта (онлайн/офлайн) 2025 жылдың 25 желтоқсан күні сағат 15:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/98654074135?pwd=pmocWVa74AN5jP1xoTSSXKrzaUszNM.1

Идентификаторы: 986 5407 4135

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық