“ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ АЯСЫНДАҒЫ АБАЙ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ ДИСКУРСЫ”Farabi University

“ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ АЯСЫНДАҒЫ АБАЙ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ ДИСКУРСЫ”

22 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, қоғамдық –гуманитарлық  кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 22 қараша күні II Аманжол Қасабек оқулары аясында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, композиторы әрі қоғам қайраткері, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлттық философиялық ойдың дамуына зор үлес қосқан ғұлама Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, Бүкіләлемдік Философия күніне арналған «ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ АЯСЫНДАҒЫ АБАЙ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ АБАЙТАНУ ДИСКУРСЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында "Ұлттық құндылықтар-ел рухының негізі ретінде"тақырыбында студенттер арасында республикалық танымдық- шығармашылық сайыс өтті.

Тіркелген командалар тақырыпқа байланысты әр халықтың философиясы мен мәдениетіне, құндылықтары мен дәстүрлеріне үңіліп, талқылап, көрініс арқылы жеткізіп сайысқа түсті. Үш кезеңнен тұратын сайыста өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетуге мүмкіндік алған студенттер өте мазмұнды, танымдық деңгейі жоғары көріністер арқылы әр халықтың рухани құндылықтарымен тереңірек таныстырды. Барлық комадалар белсенді қатысып, жүзден жүйріктері анықталып, марапатталды.. Ерекше сыйлықтар ретінде күні кеше тұсау кесері өткен философия кафедрасының профессорларының еңбектері болды.