Тленчиева Шырын Мураткызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тленчиева Шырын Мураткызының «Қазақстандағы бақыт деңгейінің әлеуметтанулық өлшемі (қалалық және ауылдық елді мекендер мысалында)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Абдикакимов Мухтар Тыныштыкбекулы – PhD, Shakarim University «Социологиялық талдау орталығының» басшысы (Семей қ., Қазақстан).
Мамандығы: 22.00.04 – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер.
2. Беймишева Айгуль Сейтжановна – PhD, NARXOZ университетінің гуманитарлық мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Мамандығы: 22.00.04 – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Джаманбалаева Шолпан Ерболовна – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒжЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
2. Алексей Владимирович Белянин – PhD, Professor, Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебінің аға ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Байгабылов Нурлан Оралбаевич – Философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлеуметтану кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан).
2. Алимбекова Гүльжан Тоқтамысовна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан).
3. Жунушова Сайкал Орозовна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті, (Бішкек қ., Қырғызстан).
Қорғау 2025 жылдың 26 желтоқсан күні сағат 10:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97641055324?pwd=37DcgQRcfKJt6SLSSa0R8SjZ7xsq8h.1
Идентификаторы: 976 4105 5324
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар