Бисалиев Марлен Cакенович
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04201 – Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Бисалиев Марлен Cакеновичтің «Жаһандық және ұлттық ақпараттық кеңістікте жеке ақпаратты қорғаудың халықаралық құқықтық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық құқық» кафедрасында орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
Жетписов Серик Кожанович – заң ғылымдарының докторы, профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ Құқықтану кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., Қазақстан);
Сералиева Алия Мажитовна – заң ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
Шакиров Каримжан Нурумович – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
Март Сюзи (Mart Susi) – заң ғылымдарының докторы, Таллинн университеті Басқару, құқық және қоғам мектебінің профессоры (Таллинн қ., Эстония).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кусаинова Айнур Казыбековна – PhD докторы, «Нархоз» университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің доценті (Алматы қ., Қазақстан);
Гулямов Саид Саидахрарович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік заң университеті (Ташкент қ., Өзбекстан);
Ахметов Ерик Бауыржанович – PhD докторы, ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті Өкілдігінің инспекторы (Президент Әкімшілігі) (Астана қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 26 желтоқсанкүні сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу
https://zoom.us/j/94834061977?pwd=BilwFabW78LhJ3AlbcolKpt1lxjZEN.1
Конференция идентификаторы: 948 3406 1977
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар