ТДМ 9. "ҚОЛӨНЕР - СЫРЛЫ ӨНЕР"Farabi University

ТДМ 9. "ҚОЛӨНЕР - СЫРЛЫ ӨНЕР"

21 қазан, 2025

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА жұмыс жасап келе жатқан "Тоқыма бұйымдарын өндіру", "Әшекей бұйымдарын өндіру" стартаптарының жетекшісі М.Н.Ибрагимова жас шеберлерге таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық өнер – халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі екендігі айтылды. Бос уақыттарын қалай тиімді пайдалануға болатындығын түсіндірді, тұтынушыға ең қажетті өндіруге болатын бұйым түрлерін атап өтті, өндірген бұйымдарын тұтынушыларға қалай ұсынуға болатындығы жайлы ұсыныстар талқыланды. Жас шеберлерімізге сәттілік тілейміз!