«Суицидтің алдын алу: суицидтік белгілерді тану және қолдау көрсету жолдары» тақырыбындағы профилактикалық дәріскеFarabi University

«Суицидтің алдын алу: суицидтік белгілерді тану және қолдау көрсету жолдары» тақырыбындағы профилактикалық дәріске

26 қараша, 2025

Тұрақты даму мақсаты №3 – «Денсаулық және игілік» бағыты аясында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттері №7 қалалық емханаға барып, «Суицидтің алдын алу: суицидтік белгілерді тану және қолдау көрсету жолдары» тақырыбындағы профилактикалық дәріске қатысты.

Медициналық мамандар суицидтік мінез-құлыққа әсер ететін қауіп факторларын, психологиялық және мінез-құлықтық белгілерді, сондай-ақ эмоционалдық дағдарыс жағдайларында дұрыс әрекет ету жолдарын жан-жақты түсіндірді. Ерте коммуникацияның маңызы, қауіпсіз орта қалыптастыру, жанашырлық көрсету және кәсіби көмекке жүгінудің қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Студенттер дәріс барысында белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жастар арасында өзара қолдау мәдениетін дамыту мен психикалық денсаулық мәселелерінің өзектілігі жөнінде пікір алмасты. Бұл кездесу олардың білімін кеңейтіп қана қоймай, жауапкершілік пен әлеуметтік сезімді қалыптастыруға ықпал етті.

Кафедра №7 қалалық емхананың мамандарына кәсіби біліктілігі және ынтымақтастыққа ашықтығы үшін алғыс білдіреді. Мұндай іс-шаралар ведомствоаралық өзара байланыстарды нығайтып, жастардың денсаулығын сақтау мен өмір сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.