Электрохимия бойынша 5-ші Халықаралық Олимпиада – «International Olympiad in Electrochemical Material Science»Farabi University

Электрохимия бойынша 5-ші Халықаралық Олимпиада – «International Olympiad in Electrochemical Material Science»

26 қараша, 2025

2025 жылғы 19 қарашада Электрохимия бойынша 5-ші Халықаралық Олимпиада – «International Olympiad in Electrochemical Material Science» өткізілді. Бұл олимпиаданың ұйымдастырушылары және демеушілері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Электрохимиялық өндірістер технологиялары зертханасы» және аналитикалық және коллоидтық химия және ТРЭ кафедрасы болды.

Олимпиада онлайн форматта (практикалық) өтті: командалардың өкілдері камераны зертханадағы жұмыс үстеліне қаратып орналастырды, осылайша қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын тікелей бақылай алды. Қатысушылар 3 сағаттық олимпиада уақыты аяқталғаннан кейін орындалған тапсырмалар бойынша есепті ағылшын тілінде электронды түрде ұсынуы тиіс болды. Қазылар алқасы ұсынылған есептерді мұқият қарап, бағалады. Олимпиаданы ұйымдастыруға және қазылар алқасының жұмысына әртүрлі елдердің өкілдері қатысты:

  1. PhD, Мальчик Федор Игоревич – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Dr. Netanel Shpigel – Ariel University, Израиль
  3. Prof. Ilie Hanzu – TU Graz, Австрия
  4. Prof. Thierry Jenizian – Ecole Nationale Supérieure des Mines de Saint-Etienne, Франция
  5. Докторант Жигаленок Ярослав Святославович – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  6. Докторант Әбдімомын Сәкен Қынабекұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Олимпиаданың жүлде қоры 5000 еуроны құрады. Демеушілер:

  1. Электрохимиялық өндірістер технологиялары зертханасы
  2. WTC Group
  3. Labtex
  4. ALEMTRADE COMPANY
  5. Kazakh-American Free University
  6. CIQTEK

Олимпиадаға 8 елдің 13 университетінен 12 команда қатысты:

  1. «Energetic people», INM Leibniz Institute for New Materials, Германия
  2. «Hotpot», Helmholtz Institute Ulm, Германия
  3. «Sodiumites», Назарбаев Университеті, Қазақстан
  4. «Analytics NUUz», Өзбекстан Ұлттық университеті, Өзбекстан
  5. «chemfusion», Нәуәи мемлекеттік университеті, Өзбекстан
  6. «NUU's chemists», Өзбекстан Ұлттық университеті, Өзбекстан
  7. «Alchemists», Өзбекстан Ұлттық университеті, Өзбекстан
  8. «E0 Collective», "Babes-Bolyai" University, Румыния
  9. «Spark», Ұлттық ядролық орталық, Қазақстан
  10. «Crocodiles», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан
  11. «AMEX», ҚБТУ, IFCE, Қазақстан
  12. «Smart Materials», С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан

21 қарашада олимпиаданың марапаттау рәсімі және тапсырмаларды талқылау өтті.

Олимпиада жүлдегерлері:

1-орын — «Hotpot», Helmholtz Institute Ulm, Германия

2-орын — «Crocodiles», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан

3-орын — «Energetic people», INM Leibniz Institute for New Materials, Германия