- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кедейлікті азайтудағы білім мен ғылымның рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Кедейлікті азайтудағы білім мен ғылымның рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
2025 жылғы 24 қараша күні Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің базасында «Кедейлікті азайтудағы білім мен ғылымның рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Конференция Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында ұйымдастырылып, 2025 жылғы 28 қарашаға дейін жалғасады.
Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу орталықтары, оның ішінде әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті- Гонконг Политехникалық университетінің Орталық Азиядағы Тұрақты даму орталығы бірлесе ұйымдастырды. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы конференция жұмысына белсене араласып, заманауи қоғамдағы кедейлік динамикасын анықтайтын факторларды жан-жақты талдауға бағытталған қосымша ғылыми іс-шаралар блогын бастамашы етті.
Конференцияның пленарлық отырысында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Г.С., сондай-ақ әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Садырова М.С. баяндама жасады. Спикерлер өз баяндамаларында кедейліктің құрылымдық және институционалдық детерминанттарына назар аударып, әлеуметтік теңсіздіктің, білімге қолжетімділіктің және денсаулық сақтау жүйесінің жағдайының халықтың осал топтарының ұдайы өндірілуіне әсерін қарастырды, сондай-ақ ТДМ-ге қол жеткізу контекстінде Қазақстан алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді атап өтті.
Пленарлық сессиядан кейін конференция жұмысы «Ұлт саулығы - тәуелсіз елдің тұрақты дамуы мен болашағының кепілі» секциясында жалғасты, сессия барысында кедейлік деңгейіне әсер ететін маңызды аспектілердің бірі- қоғамдық денсаулықтың тұрақты дамудың әлеуметтік ресурсы ретіндегі рөлі талқыланды.
Секция бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар қамтылды:
- шақырылған сарапшылардың баяндамалары;
- аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған интерактивті тапсырмалар;
- викториналар, конкурстар және таратпа материалдар.
Өз тәжірибесімен және сараптамалық бағаларымен келесі ұйымдардың өкілдері бөлісті:
- «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (ҚМПА)» қоғамдық бірлестігі
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия;
- «Chevron» компаниясы;
- Еуразиялық Әйелдер ЖИТС желісі;
- Алматы қалалық ЖИТС орталығы.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары мен студенттері қоғамдық денсаулық, тұрақты даму және білімнің кедейлікті төмендету тетігі ретіндегі әлеуеті мәселелері бойынша пікірталастарға белсенді қатысып, жоғары деңгейдегі ынтасы мен белсенділігін көрсетті.
Секция жұмысын педагогикалық практика аясында ұйымдастырушылар: әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1-курс докторанттары Оспанбек Н., Примбетова Ш. және Абшенова Л. Қорыта келгенде, конференция ұлт денсаулығы, білім сапасы және ғылыми-зерттеу әлеуеті елдің тұрақты дамуының негізін қалыптастыратынын және кедейлік деңгейін төмендетудің негізгі шарттары болып табылатынын көрсетті.
Басқа жаңалықтар