Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағындағы қытай студенттеріFarabi University

Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағындағы қытай студенттері

25 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары өзінің оқу және тәрбие жұмысында адамзат қауымдастығы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі дүниежүзілік үрдістерді басшылыққа алады. Университеттің жоғары білім беруге дейінгі (ЖББД) факультетіне әлемнің әртүрлі елдерінен студенттер келеді. Шетелдік азаматтарға тілдік және жалпы білім беру кафедрасының тыңдаушылары өздері үшін алғаш рет жаңа елге, жаңа қалаАлматыға және жаңа университетке келеді. Көптеген тыңдаушылар жақында ғана мектеп бітірген, олар өздерінің үйреншікті ортасынан тыс жерде ата-аналарынан жырақта өз бетінше өмір сүруді үйренеді, сонымен бірге біздің елімізде қолданылатын тілдерді әлі білмейді. Сондықтан университет оқытушыларының шетелдік тыңдаушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты белгілі бір міндеттері мен жауапкершілігі бар. Педагогтар студенттерді қаламен таныстырып, оларды қалада еркін бағдарлауына, сезінуіне және жергілікті халықпен қарым-қатынас жасауына үйретуі қажет.

Қазір  Алматыда күздің соңғы айына қарамастан ауа райы керемет болып тұр, сондықтан сабақтан кейін біз қытай студенттерімізбен бірге Бас Ботаникалық баққа бардық. Бұл экскурсия ТДМ-нің №15 мақсатықұрлық экожүйесін сақтау бағытына үлес қосады. Бас Ботаникалық бақОңтүстік астананың ең маңызды, қызықты және танымал орындарының бірі. Бұл жерде Қазақстанның және басқа елдердің флорасы жақсы көрсетілген. Әрбір ағашта немесе бұтада осы өсімдіктің атауы мен оның қай жерде өсетіні жазылған ақпарат тақтайша бар. Бұл студенттердің үлкен қызығушылығын тудырадыолар бұл жазуларды оқып, өз тілдеріне аударады және жаңа ақпарат білгеніне қуанады.

Ботаникалық  бақ өте жақсы жабдықталған және жоспарланған – мұнда әлі күнге дейін аққу жүзіп жүрген тоған бар, өйткені қалада ауа райы жылы болғандықтан оларды қыстық режимге әлі ауыстырмаған. Мұнда әртүрлі географиялық аймақтар көрсетілген, сондықтан бақтың бір бөлігі нағыз орман секілді, онда сайраған құстардың үнін естуге, адамдардан қорықпайтын тиіндерді көруге болады. Мұндай экскурсия студенттердің көп жаңалық біліп, танымдық тәжірибе алуына мүмкіндік беретінімен ерекше құнды.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

 ЖББД факультеті

шетелдік азаматтарға тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары

Төребекова Р.С. мен Мамытбекова Л.Қ.