Факультетіміздің №3 кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті
ТДМ-4 Факультетімізде №3 кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтіп, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында диплом және магистрлік диссертация тақырыптарын бекіту, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін анықтау, сондай-ақ факультет магистранттарының педагогикалық (көктемгі қабылдау) тәжірибесін ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, кәсіптік бағдарлау және имидждік жұмыстардың бағыттары, жұмыс берушілермен өзара байланыс жөніндегі кеңесі мен ардагерлер кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді. Ғылыми кеңес отырысында факультет жұмысының өзекті бағыттары бойынша нақты шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.
Отырыста қаралған маңызды мәселелердің бірі — 2025 жылғы 9–11 қазан аралығында Мумбай қаласында өткен AMIC жыл сайынғы халықаралық конференциясына факультет оқытушылары мен докторанттарының қатысуы болды. Конференция барысында олар өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты.
Айрықша атап өтер жайт, AMIC ұйымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Карлыға Мысаеваны Орталық Азиядағы журналистика біліміндегі, медиа зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықтағы көрнекті көшбасшылығы үшін арнайы марапатпен марапаттады. Ол — AMIC марапатына ие болған Орталық Азиядағы алғашқы ғалым. 2006 жылы негізі қаланған бұл марапат — 54 жылдық тарихы бар кәсіби қауымдастық тарапынан табысталатын беделді халықаралық сыйлық болып табылады.
Басқа жаңалықтар