ЖИ: ұлттық код пен цифрлық өркендеу жолыFarabi University

ЖИ: ұлттық код пен цифрлық өркендеу жолы

3 желтоқсан, 2025

Бүгінде жасанды интеллект (ЖИ) – техно­логия ғана емес, өрке­ниеттің дамуындағы жаңа бетбұрыс. Әлем елдері білім, ғылым, мәдениет пен эконо­мика салаларында ЖИ-дің әлеуетін тиімді пайдаланып келеді. Ал Қазақстан үшін бұл үдеріс ерекше мәнге ие. Себебі біз тек тех­нологияны меңгеріп қана қоймай, оның көмегімен қазақ тілінің өміршеңдігін артты­ру­ды, ұлттық болмы­сы­мыз­ды сақтауды мақсат тұтамыз.

Қазақ тілін дамыту тіл ма­ман­дары мен филологтардың ғана міндеті емес. Бұл – елдің мәдени қауіпсіздігі мен эко­номикалық дамуының кепілі. ЖИ технологияларын қазақ ті­ліне бағыттау арқылы тілімізді сақтап, цифрлық кеңістіктегі орнын берік ете аламыз.

Соңғы жылдары елімізде осы бағытта елеулі жұмыстар жалғасуда. Мысалы, Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence (ISSAI) әзірлеген KAZ LLM тілдік моделі қазақ тілінде мәтін өңдеу, аударма және мазмұн генерациясын жасай алады. Ал мемлекет қолға ал­ған «Ұлттық сөздік қор» жобасы – қазақ тілін ЖИ жүйелерінде тануға және қолдануға мүм­кіндік беретін үлкен бастама.

ЖИ қазақ тілін үйрету мен оқы­ту процесін түбегейлі өз­гер­те алады. Қазірде тіл үйре­ну­шілерге арналған виртуалды көмекшілер, жекелендірілген оқу платформалары, авто­мат­ты бағалау жүйелері қолға алы­нып жатыр. Мысалы, ЖИ қа­зақ тіліндегі оқу мате­риал­дарын талдап, әр оқушыға же­ке оқу траекториясын ұсына ала­ды. Бұл әсіресе ауыл мек­тептері мен қашықтан оқи­тындар үшін зор мүмкіндік.

Осы бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінде ашылған «Ци­фр­лық қазақ тілі» мамандығы да маңызға ие. Бұл мамандықта студенттер тілдің өміршеңдігін сақтау, оны цифрлық ортада дамыту және ЖИ жүйелеріне бейімдеу жолдарын үйренеді. «Қазақ тілі және жасанды ин­тел­лект», «Цифрлық фило­ло­гияның даму бағыттары» т.б. пәндер сияқты өзекті бағыттар бар. Ал бұл болашақта қазақ тілін ЖИ жүйелерінде толық қолжетімді етудің басты тетігі болары сөзсіз.

Енді қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі салмағын арттыру үшін нақты әрі қарапайым қа­дамдар қажет екенін айтқымыз ке­леді. Солардың бірқатарына тоқтап өткім келеді:

• Қазақша деректер ба­за­сын құру

Онда кітап, мақала, радио­бағ­дарламалар, аудио және ви­деоконтент жинақталып, ашық платформада қолжетімді болуы керек.

 • Тілдік стандарт пен ор­фо­графиялық бірізділікті сақтау

Қазіргі қазақ басылым­да­рын­да бір сөздің бірнеше нұс­қасы қатар жүреді және тыныс бел­гісі де әртүрлі қойылады. Бұл мәселені ЖИ арқылы ше­шуге болады. Орфографияны тексеретін ЖИ жүйесі сөздің дұрыс жазылуын көрсете ала­ды. Ол үшін заманауи үлкен тілдік модельдерге қазақша ор­фография ережелерін үй­ре­ту қажет.

 • Қазақша сапалы кон­тент өндірушілерге қолдау көр­сету

YouTube, TikTok сияқты плат­формаларда қазақ тілін­де­гі контентті көбейту үшін грант пен марапат жүйесін ен­гізу пайдалы болар еді.

 • Мәдени және жергілікті тіл ерекшеліктерін сақтау

ЖИ-ге ресми тілді ғана емес, диалектілер мен ауызекі тіл­ді де үйрету керек. Бұл тілдің табиғи, ұлттық сипатын сақ­тайды.

• Қоғам болып атсалысу және ашық дереккөздер

Кез келген адам қазақша мәтін, жазба, видео жүктей алатын ашық тілдік платформа жа­салса, онда қазақ тілінің де­рекқоры жылдам өседі. Сон­дай-ақ бұл үшін әр контенттің сауатты жазылуын қада­ға­лай­тын немесе тексеретін жүйе қажет.

Дегенмен ЖИ мен тіл тех­но­логиясын дамытуда қиын­дық­тар да жоқ емес:

Қазақ тіліндегі мә­тін­дер мен деректердің аз­ды­ғы;

Кадр тапшылығы. ЖИ мен лингвистика саласын қа­тар білетін мамандар жоқ­тың қасы;

Мәдени және этика­лық нор­маларды сақтау. Ав­­то­мат­­тан­дыру бары­сын­да тіл­дің та­биғи реңкін жо­ғалтпау ма­­ңыз­ды.

Осындай мәселелерді ше­шу үшін мемлекет, уни­вер­си­тет­тер және ІТ-компаниялар бірігіп «Тіл және технология» экожүйесін қалыптастыруы қа­жет. Мұндай әріптестік тілдің цифрлық дәуірдегі өмір­шең­дігін қамтамасыз етеді.

Қорыта келгенде, жасанды ин­теллект қазақ тілінің бо­ла­ша­ғы үшін қауіп емес, зор мүм­кіндік екенін айтқымыз ке­леді. ЖИ-дің адам сенгісіз мүм­кіндіктерін дер кезінде пай­даланып, әр саланы да­мытуға бейімдей алсақ, елі­міздің ин­но­вациялық имиджі де жар­қы­рай түседі. ЖИ-ді қа­зақ тілін да­мыту үшін қолдану эконо­ми­ка­лық мүмкіндіктерге жол аша­ры даусыз. Қазақ ті­лінде әзір­лен­­ген тілдік тех­но­логиялар (чат-бот, авто­мат­тан­дырылған құжат өңдеу, ау­­дарма жүйесі) стартаптар мен ІТ-сектор үшін жаңа нарық болар еді. Ал бұл Қа­зақ­стандағы цифрлық эко­но­ми­ка­ның дамуына үлес қосады. 

Мөлдір ҒАБИТҚЫЗЫ,

«Цифрлық қазақ тілі» мамандығының 1-курс магистранты