- Басты бет
- Жаңалықтар
- 1 курс студенттеріне 2025-2026 оқу жылының I семестріндегі «Қорытынды емтихан» ережелерін түсіндіру
1 курс студенттеріне 2025-2026 оқу жылының I семестріндегі «Қорытынды емтихан» ережелерін түсіндіру
«6В03205 - Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне 2025-2026 оқу жылының I семестріндегі «Қорытынды емтихан» ережелері мен Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ті студентінің «Ар-намыс» кодексін түсіндіру, талқылау бойынша кураторлық сағат өтілді.
Мақсаты: 2025-2026 оқу жылының I семестрдегі «Қорытынды емтихан» ережелері мен ҚазҰУ-ті студентінің «Ар-намыс» кодексінде көрсетілген 13 баптың мазмұнын студенттерге түсіндіру, талқылау.
Өткізілген кураторлық сағатта дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Асанова Баян Сүлейменқызы «Қорытынды емтиханды» өткізу ережелер мен талаптардың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, «Ар-намыс» кодексінде көрсетілген баптар бойынша: университет тарихын, дәстүрлері мен құндылықтарын қастерлеу, студенттер арасында өзара құрмет, этика және мәдени мінез-құлық нормаларын нығайту, академиялық адалдық, оқу тәртібі және университет қауымдастығына лайық міндеттерді орындау бойынша түсінік берді. Кураторлық сағатта білім алушылар «Қорытынды емтиханды» өткізу ережелер мен талаптарына байланысты сауалдарына нақты нақты жауаптарын алып, ҚазҰУ-ті студентінің «Ар-намыс» кодексінде көрсетілген 13 баптың мазмұны талқыланды.
Басқа жаңалықтар