Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: Ботаника және агроэкология кафедрасының докторантының Аликанте университетіндегі зерттеу тағылымдамасыFarabi University

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық: Ботаника және агроэкология кафедрасының докторантының Аликанте университетіндегі зерттеу тағылымдамасы

4 желтоқсан, 2025

«D05108» мамандығының докторанты Уразалина Алина Сериковна Испанияның Аликанте университетінің Қоршаған орта және табиғи ресурстар кафедрасында зерттеу тағылымдамасынан сәтті өтті. Тағылымдама 2025 жылдың 10 қазанынан 10 қарашасына дейін өтіп, диссертациялық жұмысы аясында Tamarix L. туысының өкілдерін зерттеуге бағытталды.

Тағылымдама барысында ол заманауи молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін меңгеріп, ДНҚ үлгілерін бөліп алды, ядролық және пластидті маркерлерді қолдана отырып ПТР амплификациясын жүргізді, сондай-ақ алынған тізбектерге биоақпараттық талдау жасады.
Алынған нәтижелер болашақ ғылыми жарияланымдарға негіз болып, Солтүстік Тұранның орталық бөлігінің биоалуандылығын зерттеуге маңызды үлес қосады. Тағылымдама докторанттың кәсіби құзыреттерін нығайтып, халықаралық ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтті.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы