Білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм — ТДМ: №4 «Сапалы білім», №8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», №16 «Бейбіт қоғамдар, әділдік және тиімді институттар». 🇬🇧 Title:Farabi University

Білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм — ТДМ: №4 «Сапалы білім», №8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», №16 «Бейбіт қоғамдар, әділдік және тиімді институттар». 🇬🇧 Title:

4 желтоқсан, 2025

ПЭиСУ-132 тобының 1 курс студенттерімен өткен бұл іс-шараға куратор-эдвайзер Ханиева Айнур Қабылжанқызы жетекшілік етті. Мақсат — ТДМ №4, №8 және №16 негізінде білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру. Талқылау барысында сапалы білімнің маңызы (ТДМ 4), еңбекке жауапкершілікпен қарау және кәсіби дамуға ұмтылу (ТДМ 8), сондай-ақ Отанды құрметтеу мен азаматтық жауапкершілік (ТДМ 16) кеңінен қарастырылды.
Іс-шара студенттердің оқу мотивациясын күшейтіп, еңбектің құндылығын түсінуге және елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Алдағы уақытта осындай тәрбиелік кездесулер жалғастырылып, студенттердің қоғамдық белсенділігі арттырылады.