Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 28.11.2025ж, филология факультетінің оқытушылары мен заң факультетінің студенттері ұйымдастырған “Healthy Lifestyle – Healthy Nation” атты іс-шара өтті. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары: К.А. Айсултанова, Г.К. Атабаева, Л.М. Алиярова, Е.Н. Михальченко да қатысты. Қонақ ретінде медицина факультетінің 2-курс студенттері қатысты. Іс-шара БҰҰ ТДМ аясында өтіп, дене, психикалық және әлеуметтік денсаулықты насихаттауға бағытталды.

Бағдарлама келесі презентацияларды қамтыды:
– “Healthy Lifestyle – Healthy Nation” — Залфа Амин
– “Mental Health: A Key Component of a Healthy Nation” — Байғазықызы Айнұр, Болатұлы Азамат
– “How Schools and Universities Can Build a Healthy Nation” — Раджабова Диларам
– “Health Promotion, Protection, and Disease Prevention” — Kerem Cem Narli
– “Healthy Lifestyle, Fitness, Health” — Dar Faaiz Feroz

Шығармашылық нөмірлер:
– Домбыра: Билик Нарлен (Бауыржан Актаев)
– Саксофон: Айтмырза Балжан
– Гитара: Жайлау Зангар Жасуланұлы, Өтеген Бисултан
Қатысушылар салауатты өмір салты туралы ҚХР журналисі Шарлотта Пэнгтің бейнематериалын да тамашалады.
Сертификаттар Айсұлтанова Қарлығаш Абдухалықовна және Үшкемпіров Бахыт Мәлікұлы тарапынан табысталды.
Іс-шара студенттердің салауатты өмір салты жөніндегі түсінігін арттырып, ТДМ құндылықтарын қолдауға үлес қосты.
Ұйымдастырушы: Ұ.Т. Тұрсынбекова, Б.М. Үшкемпіров