Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысты докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша ғылыми семинарFarabi University

Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысты докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша ғылыми семинар

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 12 желтоқсанда «Генетика» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмысына арналған ғылыми семинары өтті. Семинар барысында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірнеше бағыттарымен, атап айтқанда ТДМ 2 «Аштықты жою» және ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» мақсаттарымен байланысты баяндамалар ұсынылып, талқыланды. Ғылыми семинар молекулалық биология және генетика кафедрасында өтіп, кафедра оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылды, онда қатысушылар ғылыми нәтижелер мен идеялармен алмасты.


Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Қуанбай Әйгерім Құрманбекқызы