Атом энергетикасының қазіргі қажеттілігіFarabi University

Атом энергетикасының қазіргі қажеттілігі

26 қараша, 2025

Әлемде энергия сұранысы күн сайын артып келеді. Өнеркәсіптің, көліктің, тұрмыстық сектордың дамуы энергияны тұрақты және экологиялық таза көздерден алу қажеттілігін туғызады. Солардың бірі – атом энергетикасы, яғни ядролық реакция арқылы электр энергиясын өндіру.

Алайда атом энергети­ка­сын дамыту кейбір мә­се­лелермен байланысты:

- Атом энергетикасы әлем­де энергия тап­шы­лы­ғын шешудің маңызды көзі болып саналады.

- Ол көміртекті азайтуды қамтамасыз етіп, эколо­гия­лық таза энергия көзі ретінде қарастырылады.

- Атом электр станция­ла­ры тұрақты энергия өн­діруге мүмкіндік береді, әсі­ресе жаңартылатын көз­дер жеткіліксіз болған жағ­дайда.

- Қауіпсіздік, радиация­лық бақылау және қалдық­тар­ды басқару мәселелері атом энергетикасын да­мы­тудағы негізгі факторлар.

- Болашақта атом энер­ге­тикасы жаңа техно­ло­гиялар (мысалы, жасанды интеллектімен басқары­ла­тын реакторлар, шағын энергиялық реакторлар) арқылы қауіпсіз және тиімді энергия көзіне айналуы мүмкін.

Атом энергетикасы кө­мір­текті азайтуға үлес қо­сып, климаттық өзге­ріс­термен күресуге мүмкіндік бе­реді. Олардың ішінде ра­диациялық қауіпсіздік, ядро­лық қалдықтарды бас­қа­ру және экологиялық әсер­лер бар. Ғылыми зерт­теулер мен технологиялық жаңалықтар бұл қауіптерді азайтуға бағытталған. Мы­салы, жаңа буын реак­тор­лары (кіші қуатты, пас­сивті қауіпсіздікке ие) атом энер­гиясын тиімді әрі қауіпсіз етеді. Дүниежүзілік ядро­лық қауымдастықтың мә­лі­метінше, Қазақстан уран сату бойынша бірінші орын­да. Осы орайда, атом элек­тр станциялары тұ­рақ­ты энер­гия өндіруге мүмкіндігі зор. Ол күн, жел сияқты жа­ңар­тылатын көздерге қара­ған­да ауа райына тәуелді емес. Бұл, әсіресе, елі­мі­з­дің эко­ло­гиялық мәселесін ше­шу­де аса маңызды. Әйт­песе Қазақстанның эко­ло­гиялық көрсеткіші 180 елдің ішінде 93-орында болса, ал ауа­ның ластануы бойынша 115-орында. Сондықтан елі­міз дүниежүзіндегі атом энер­гетикасын дамытуға мүм­кіндігі бар 27 мем­ле­кет­тің қатарына қосылды.

Болашақта атом энер­ге­тикасы жасанды интел­лект, роботтандырылған ба­қылау жүйелері және жаңартылатын энергия көз­­дерімен бірігіп, энергия өн­дірісінде тұрақты, қауіп­сіз және экологиялық таза рөл атқарады. Сонымен қа­тар ядролық энергия зерт­теу мен инновацияға жаңа мүмкіндіктер ашып, ғылыми прогресті жылдамдатады. Қорытындылай келе, атом энергетикасы қазіргі қоғам үшін қажетті әрі страте­гия­лық маңызды энергия көзі екенін айтқымыз келеді. Оның дамуы энергия қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етіп, эко­логиялық таза, эко­но­ми­калық тұрақты бола­шақ­қа жол ашады. 

Мәнсия ӘСЕМБАЕВА,

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының

доценті, ф.-м.ғ.к.