Студенттермен Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтары талқыландыFarabi University
Референдум 15 марта

Студенттермен Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтары талқыланды

11 қараша, 2025

Бүгін 11 қараша кураторлық сағат аясында «Қазақстан Республикасының ішкі саясатындағы негізгі қағидаттар мен құндылықтар» тақырыбында талқылау өтті.

Іс-шараның мақсаты – ел Президенті бекіткен жаңа стратегиялық құжаттың мазмұнымен студенттерді таныстырып, жастар арасында ұлттық құндылықтарды, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдағы бірлік идеяларын дәріптеу болып табылады.

Кураторлық сағат барысында студенттер Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын, құндылықтарын және бағыттарын» талқылады. Студенттер ел дамуының басты бағыттары – «Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Адал азамат», «Таза қоғам» секілді ұғымдардың мәнін талдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Куратор жастарды елдің саяси өміріне белсенді араласуға, қоғамның бірлігі мен татулығын сақтауға шақырды. Талқылау интерактивті форматта өтіп, студенттер мемлекеттік саясат пен азаматтық ұстанымның өзара байланысы туралы өз көзқарастарын білдірді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы: филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.