Цифрлық экономика және салық тақырыбында студенттік дебат өттіFarabi University

Цифрлық экономика және салық тақырыбында студенттік дебат өтті

12 қараша, 2025

2025 жылдың 12 қарашасында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында БҰҰ-ның nұрақты даму мақсаттарының №4 Сапалы білім беру және №16 Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар бағыттары аясында  «Саясаттану» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Цифрлық экономика және салық: әлеуметтік желі арқылы табыс табатын азаматтарға міндетті түрде салық салу қажет пе?» тақырыбында студенттік дебат өтті.

Бұл пікірсайыс қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе цифрлық экономиканың дамуы мен интернет арқылы табыс табудың құқықтық реттелуіне арналды. Іс-шараның мақсаты: студенттердің экономикалық және саяси процестерге сыни көзқарасын қалыптастыру, салық саясатының әлеуметтік әділдік пен мемлекеттің қаржылық тұрақтылығындағы маңызын түсіндіру болды.

Дебат жоғары деңгейде өтті: қатысушылар нақты деректер мен өмірлік мысалдарға сүйене отырып, өз көзқарастарын дәлелдеуде белсенділік пен шешендік танытты. Үкімет фракциясы атынан Рысқали Рақым мен Кумысбаев Елнар. Оппозиция фракциясы атынан Тұрлықожа Айым мен Аманқос Ұлпан сөз сөйледі. Қазылар алқасы қатысушылардың аргументациясы мен саяси-экономикалық талдау қабілетін жоғары бағалады.

Дәлелді және жүйелі ой-пікірлерімен көзге түскен Үкімет командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға саясаттану мамандығының 1-курс магистранттары атынан дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Кумысбаев Елнар «Үздік спикер» атағын иеленді, ал Оппозиция командасы белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Бұл пікірсайыс студенттердің сыни ойлау қабілетін, азаматтық жауапкершілігін және саяси мәдениетін дамытуға бағытталды.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.,
«Саясаттану» мамандығының 1-курс магистранттары.