- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жұмекен Нәжімеденов – Ұлт рухының жыршысы: 90 жылдық мерейтойға арналған әдеби-танымдық іс-шара»
«Жұмекен Нәжімеденов – Ұлт рухының жыршысы: 90 жылдық мерейтойға арналған әдеби-танымдық іс-шара»
ТДМ 4.«Сапалы білім» аясында 7М02210 мамандығының 2-курс магистранттары куратор-эдвайзер, доцент З.Майданалидің жетекшілігімен 05.11.2025 жылы РДиГБ, география және табиғатты пайдалану факультеті мамандығымен әдеби-танымдық іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасының көрнекті ақыны, Мемлекеттік Гимнінің авторы (мәтіні) Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай (1935-1983 жж.). Іс-шараның мақсаты – ұлттық поэзияға жаңа леп әкелген және Қазақстанның мемлекеттік нышанына негіз болған ақынның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру арқылы студенттердің патриоттық сезімін, рухани-мәдени құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Іс-шара барысында студенттер Ж. Нәжімеденовтің шығармашылық жолын, соның ішінде оның поэзиядағы ұлттық рух пен терең философиялық ойды ұштастыруына ерекше назар аударды. Оның «Менің Қазақстаным» өлеңінің 2006 жылы Мемлекеттік әнұранның негізіне айналу тарихы жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, ақынның проза (мысалы, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдарын) және аударма саласындағы (Сағдидың «Бустан» дастанын, А. Блок, М. Лермонтов, В. Маяковский шығармаларын аудару) еңбектеріне шолу жасалды. Ақынның күй өнерін терең меңгергендігі және оның «Күй кітабы» жинағының қазақтың дәстүрлі музыка өнеріндегі орны туралы айтылды. Студенттер ақын өміріне арналған «Жұмекен» деректі фильмі және зерттеушілердің (Қ. Юсупов, М. Азбанбаев) еңбектерімен танысты.
Топтық талдаулар мен пікірталастар арқылы қатысушылар ақын шығармашылығының өркениеттік және рухани маңызын түсінді, сондай-ақ, оның есімінің туған ауданындағы ауыл мен мектепке берілуінің, 2010 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ие болуының маңыздылығын бағалады. Іс-шара студенттердің ұлттық мақтаныш сезімін, тарихи жадыны және мемлекеттік нышандарға деген құрметті нығайтуға ықпал етті.


Басқа жаңалықтар