«Тәуелсіздік – тәңір берген сый»
2025 жылдың 5 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» мамандығының 1-курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған №16 СҮ мәжіліс залында «Тәуелсіздік – тәңір берген сый» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер еліміздің тарихи дамуы, тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық жетістіктері және мемлекет құрудағы әрбір азаматтың рөлі туралы мазмұнды презентациялар ұсынып, өзара пікір алмасты. Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 17-ші бағыты — Тұрақты даму үшін серіктестік аясында жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және ортақ даму идеясын насихаттауға бағытталды.
Ұйымдастырушылар: Тураров Д. Р., Кулиев И. У., Сағынбай Ә. Ғ.