ҚазҰУ-да әлеуметтану саласы бойынша PhD ғылыми дәрежелері табысталды
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушылары Тәуекелова Толғанай Батырбекқызын (ғылыми жетекшілері Г.О.Абдикерова, М.С.Садырова), Имашева Жұлдыз Амангелдіқызын (ғылыми жетекшісі Г.С.Абдирайымова), Еламанова Айнұр Сұлтанқызын (ғылыми жетекшісі Қ.А.Авсыдыкова) «8D03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы - PhD ғылыми дәрежесін алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жылдар бойғы табанды ізденістің, қажырлы еңбек пен жауапкершіліктің нәтижесі. Осы жетістік сіздердің алдағы ғылыми ізденістеріңізге серпін беріп, әлеуметтану ғылымына өз үлестеріңізді қосуға негіз болады деп сенеміз! Денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті, шәкірт тәрбиелеу мен білім беру ісінде үлкен жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Басқа жаңалықтар