Сіздерді 2026 жылдың 21–26 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті базасында (Алматы қ.) өтетін «XVIII Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция археология және оған қатысты ғылым салаларындағы өзекті мәселелерге арналады. Іс-шара барысында көне қоғамдарды, мәдени трансформацияларды және адам мен қоршаған ортаның өзара байланысын зерттеудегі ең жаңа деректер мен әдістемелік тәсілдер жан-жақты талқыланады.
Конференция аясында 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Ә.М. Оразбаев мұрасына арналған дөңгелек үстел және көрме ұйымдастырылған. 25 сәуірде «Өркениеттер тоғысында: Орталық Азияның археологиялық жылнамасындағы мәдени өтпелі кезеңдер» атты халықаралық семинар және ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра тізіміне енген Таңбалы археологиялық нысанына далалық экскурсия ұйымдастырылады.
Басқа жаңалықтар