Көркембай ЖанібекFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Көркембай Жанібектің 8D07103 - «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Аммоний перхлоратының жануын Ti3С2 (MXene) қосып үдету» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

 

Ресми сарапшылар:

1. Исмаилов Марат Базаралыұлы – техника ғылымдарының докторы, “Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы” АҚ бас ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан.

2. Жексенбек Токтарбай – философия докторы (PhD), «Химия» кафедрасының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Мансуров Зулхаир Аймухаметович – химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы, Қазақстан

2. Быков Вячеслав (Bykov Viatcheslav) философия докторы (PhD), Карлсруэ технологиялық институтының техникалық термодинамика институтының реакцияға түсетін ағын жүйелерінің математикалық талдау тобының жетекшісі, Карлсруэ, Германия.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Исаева Асем Бахытжановна – философия докторы (PhD), аға ғылыми қызметкер, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС, Алматы обл., Қазақстан.

2. Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы – х.ғ.к, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті "Инжинирингтік технологиялар" БББ-ның зерттеуші профессоры, Кызылорда, Қазақстан.

3. Chikhradze Mikheil – философия докторы (PhD), Грузия техникалық университетінің (Georgian Technical University) қауымдастырылған профессоры, Тбилиси, Грузия

 

Қорғау 2026 жылдың 30 қаңтарында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультетінің 2 қабатында орналасқан Е. Ергожин атындағы Ғылыми Кеңес мәжілісінің залы өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу

https://zoom.us/j/93803114471?pwd=fG6EExC6r0pUwqux8NbVn2FrFqyEUM.1

Конференция идентификаторы: 938 0311 4471

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық