Тәуелсіз елдің ұрпағыFarabi University

Тәуелсіз елдің ұрпағы

22 қазан, 2025

2025 жылдың 22 қазанында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының қауым. профессоры Рахметуллаева Р.К. «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 203 топ студенттерімен бірге «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты тақырыпта барлық Қазақстандықтарды құттықтады.

Республика күні – Қазақстан халқы үшін ел тарихындағы аса маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланып, халқымыздың еркіндікке, демократиялық даму мен ұлттық бірлікке ұмтылысының айқын символына айналды. Республика күні бізге Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірегейлікті сезіндіреді. Бұл мереке тек тарихи оқиға емес, сонымен қатар еліміздің гүлденуіне, дамуына өз үлесін қосып жүрген әрбір азаматты біріктіретін ортақ құндылық. Республика күні мемлекет пен халық арасындағы рухани байланыс пен ел бірлігінің жарқын көрінісі.

Іс-шара сапалы білім беру саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды (ТДМ 4: Сапалы білім беру  (44.3.4 Университет кешенінен тыс білім беру қызметі)).