«Тұрмыстық химия тауарлары: түрлері, құрамдары және қауіпсіздігі» тақырыбында кеңесFarabi University

«Тұрмыстық химия тауарлары: түрлері, құрамдары және қауіпсіздігі» тақырыбында кеңес

30 желтоқсан, 2025

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында 2025 ж. 29 желтоқсанда Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес «Тұрмыстық химия тауарлары: түрлері, құрамдары және қауіпсіздігі» тақырыбында кеңес өткізілді. Аталған тақырыпқа кіші бизнес, үй шаруасындағы әйелдер, мектеп оқушылары қызығушылық білдірді. Тыңдаушылар синтетикалық жуғыш заттардың түрлері, формалары, құрамдары туралы ақпарат алып, практикалық мысалдар арқылы жуу ықпалы теориясының негіздерімен танысты. Соңында белгілі оттекті ағартқыштың түпнұсқа және контрафакт өнімдерінің құрамындағы активті оттегінің мөлшері анықталды.

Ұйымдастырушылар: кафедра доценттері Құмарғалиева С.Ш., Есімова О.А., Тюсюпова Б.Б., аға оқытушы Ибраимова Д.М.