Жоламанов Батырбек НұрыллаұлыFarabi University

Жоламанов Батырбек Нұрыллаұлы

30 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жоламанов Батырбек Нұрыллаұлының «Сымсыз сенсорлық желілерде машиналық оқытумен түйіндерді локализациялау дәлдігін және деректерді жіберу тиімділігін арттыру» тақырыбындағы диссертациясы (мақалалар сериясы) қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің электроника және астрофизика кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – мақалалар сериясы.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Жукабаева Тамара Кокеновна – философия докторы (PhD), ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: Информатика, есептеу техникасы және басқару;

2. Досбаев Жандос Махсутулы – философия докторы (PhD), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.

 Ғылыми жетекшілер:

1. Саймбетов Ахмет Куанышбаевич – философия докторы (PhD), электроника және астрофизика кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

2. Омер Фарук Бейса – философия докторы (PhD), өнеркәсіптік инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Стамбул техникалық универитеті (Стамбул қ., Түркия)

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Козбакова Айнур Холдасовна – философия докторы (PhD), профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты (Алматы қ., Қазақстан);

2. Хужаматов Халимжон (Xujamatov Xalimjon) техника ғылымдарының докторы, Деректерді жіберу желілері мен жүйелері кафедрасының доценті, Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті (Ташкент қ., Өзбекстан);

3. Калиаскаров Нурбол Балтабаевич – философия докторы (PhD), радиоэлектроника және телекоммуникациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 02 ақпанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина», «6D071900/8D06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92564495085?pwd=pu4HJSlda0rZbu5bMB1CAL7lOva7R7.1

Идентификатор: 925 6449 5085

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық