«Мансап старты» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіFarabi University
Референдум 15 марта

«Мансап старты» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

30 қазан, 2025

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессор м.а. А.К. Тоқтабаева қазақ бөлімінің «6B07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша оқитын 403–404 топ студенттерімен бірге «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында өткен «Мансап старты» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында өтті: ТДМ 4.3.3 – Сапалы білім беру (кәсіптік оқыту және өмір бойы білім алу бойынша іс-шаралар); ТДМ 11.2.6 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар (мәдени мұраны есепке алу және сақтау). Студенттер үшін бұл іс-шара еңбек нарығының қазіргі жағдайы туралы жаңартылған ақпарат алуға, бос жұмыс орындары мен жұмыс жағдайлары туралы білуге, жетекші жұмыс берушілердің өкілдерімен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.