"Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық және отбасына тигізетін зардаптары"Farabi University

"Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық және отбасына тигізетін зардаптары"

3 қаңтар, 2026

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушыларына "Нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық және отбасына тигізетін зардаптары" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – тыңдаушыларға нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеп, өмірлік құндылықтарды дәріптеу. 

Іс-шара барысында нашақорлықтың әлеуметтік-экономикалық салдары, құқықтық және медициналық аспектілері талқыланып, бейнероликтер көрсетілді. Тыңдаушылар пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Шара жастардың өмірге деген жауапкершілігін арттырып, саналы таңдау жасауға үндеді.